АПЛ ойындары патшайым қазасына байланысты кейінге шегерілді

©premierleague.com

Ағылшын премьер-лигасының (АПЛ) басшылығы алда болатын футбол матчтарын Елизавета II патшайымның қазасына байланысты кейінге шегерді, деп жазады АПЛ баспасөз қызметі. 

"Елизавета II өмірден өтуіне байланысты АПЛ-дың осы аптадағы ойындары кейінге шегерілді", - делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

АПЛ жетінші тур ойындары 10 және 12 қыркүйек аралығында өтуі тиіс еді.

Айта кетейік, Елизавета II 2022 жылдың 8 қыркүйегінде 96 жасында өмірден өтті. Ол Ұлыбритания тағына 1952 жылы 25 жасында келіп, елді 70 жыл биледі. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар