АПЛ командасы жуырда америкалық миллиардерге сатылады
©instagram.com/officialafcb
Ресейлік кәсіпкер Максим Демин жуық арада "Борнмут" командасын америкалық миллиардер Билл Фоулиге сатады, деп жазады Sport24 порталы.
Ресейлік кәсіпкер Максим Демин жуық арада "Борнмут" командасын америкалық миллиардер Билл Фоулиге сатады, деп жазады Sport24 порталы.
Фоули ағылшындық команданы 120 миллион фунтқа сатып алады.
Айта кетейік, Демин "Борнмут" клубын 2011 жылы Эдди Митчеллмен бірге 2011 жылы сатып алған еді. Ол кезде команда үшінші дивизионда ойнайтын еді.
Биыл команда АПЛ-дің турнир кестесінде тоғыз ұпай жинап, 13-орында келеді. Алдағы кездесуін "Борнмут" командасы 8 қазан күні "Лестерге" қарсы өткізеді.
Жарнама