АПЛ клубын тарихта алғаш рет әйел адам жаттықтырады

©"Арсенал" ФК

Англиялық "Брентфорд" футбол клубы Лидия Бедфордты жастар командасының (U18) бапкері етіп тағайындады.

Бедфордтың көмекшісі "Форест Грин Роверс" клубынан келген Джон-Пол Питтман болады.

Бедфорд бұрын "Арсеналдың" бас бапкерінің көмекшісі болған және Футбол қауымдастығының әйелдер суперлигасындағы "Лестерді" жаттықтырған.

Британиялық БАҚ мәліметінше, бұл АПЛ-де әйел адам бапкер болған алғашқы жағдай.

"Брентфорд" 2022/23 маусымында АПЛ-де тоғызыншы орында. Ал чемпион "Манчестер Сити".

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport