16 жастағы Тагир ересектер арасындағы алғашқы маусымын ойнауда. "Алтынорду" сапында ол екінші лигада 15 ойын өткізді. 2019 жылы Түркияның жастар құрамасы сапында Еуро-2021 іріктеуінде екі матч ойнады.
Тагир Жамбыл облысында туған. 2010 жылы жеті жасында оның отбасы тарихи отанына көшті.
Тагир мен "Алтынорду" арасындағы келісімшарт 2022 жылға дейін есептелген, ал Transfermakt оның трансферін 700 тмың еуроға бағалап отыр.