1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
12 ақпан 15:31
 

АПЛ клубы бір маусымда үшінші бапкерді қызметінен босатты

  Пікірлер

blog.share

АПЛ клубы бір маусымда үшінші бапкерді қызметінен босатты ©

Уэст-Бриджфордтағы "Ноттингем Форест" клубы ағылшын маманы Шон Дайчтың командадағы бас бапкер қызметінен босатылғанын ресми түрде хабарлады. Бұл туралы клубтың ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде айтылды, деп жазады Vesti.kz.

blog.share

Уэст-Бриджфордтағы "Ноттингем Форест" клубы ағылшын маманы Шон Дайчтың командадағы бас бапкер қызметінен босатылғанын ресми түрде хабарлады. Бұл туралы клубтың ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде айтылды, деп жазады Vesti.kz.

Клубтың хабарламасында шешімнің қосымша түсініктемесіз қабылданғаны атап өтілді, ал маман мен оның штабына атқарған жұмысы үшін алғыс білдірілді:

"Ноттингем Форест" Футбол клубы Шон Дайчтың бас бапкер лауазымынан босатылғанын ресми түрде растайды. Біз Шон мен оның штабына клубтағы жұмыстары үшін алғысымызды білдіреміз және оларға болашақта тек жақсылық тілейміз. Қазіргі уақытта қосымша түсініктемелер берілмейді".

Бір маусымда үшініш бапкер

Дайчтың қызметтен кетуі ағымдағы маусымда "Ноттингем" клубындағы үшінші бапкерлік ауыс-түйіс болды. Бұған дейін клуб португалиялық Нуну Эшпириту Санту мен аустралиялық Ангелос Постекоглумен ынтымақтастығын тоқтатқан еді.

Турнирдегі жағдай

Қазіргі уақытта "Ноттингем Форест" Англия премьер-лигасының турнирлік кестесінде 17-орында тұр және төменгі жолаққа жақын орналасқан.

Алдыңғы матчта клуб өз алаңында "Вулверхэмптонмен" есепсіз тең ойнады.

Айта кетерлігі, Уэст-Бриджфордтағы отставка басқа клубтардағы кадрлық шешімдермен тұспа-тұс келді: кеше лондондық "Тоттенхэм" бас бапкер - даниялық Томас Франкты қызметінен босатқанын жариялаған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!