Футбол
Бүгін 09:31
 

АПЛ клубтары Роналдудың орнын басқан футболшы үшін таласқа түскелі тұр

  Пікірлер

blog.share

АПЛ клубтары Роналдудың орнын басқан футболшы үшін таласқа түскелі тұр ©x.com/selecaoportugal

Англия Премьер-лигасының бірнеше клубы "Брюгге" және Португалия құрамасының вингері Карлуш Форбшты қатарына қосу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Англия Премьер-лигасының бірнеше клубы "Брюгге" және Португалия құрамасының вингері Карлуш Форбшты қатарына қосу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

22 жастағы футболшыға деген қызығушылық қысқы трансферлік кезеңде нақты ұсыныстарға ұласуы мүмкін. Бұл туралы TEAMtalk басылымы хабарлап отыр.

Дереккөздің хабарлауынша, ойыншыға үміткерлердің бірі – оның мүмкіндіктерін жоғары бағалайтын "Астон Вилла". Сонымен қатар португалиялық футболшының ойынын "Ньюкасл", "Брайтон", "Эвертон" және "Брентфорд" клубтары да жіті бақылап жүр.

Форбш Бельгия клубы сапында нәтижелі маусым өткізіп жатыр. Ол алғашқы 15 матчта бес гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.

"Брюгге" сапындағы сәтті ойыны "Манчестер Сити" түлегіне соңғы халықаралық үзіліс кезінде Португалия құрамасына шақырту алуға мүмкіндік берді. Ұлттық құрамада вингерге бұған дейін Криштиану Роналдуға тиесілі болған жетінші нөмір берілді.

Ұлттар лигасының алтыншы турында Уэльске қарсы өткен матчта (3:2) Форбш алаңға қосалқы құрамнан шығып, жеңіс голын соқты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!