1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
12 ақпан 12:40
 

АПЛ-дың үздік бапкері "Реалда" Арбелоаның орнын басуға дайын

  Пікірлер

blog.share

АПЛ-дың үздік бапкері "Реалда" Арбелоаның орнын басуға дайын ©

Нидерландтық маман Арне Слот "Ливерпульдегі" жағдайына барған сайын көңілі толмай, мадридтік "Реалға" ауысу мүмкіндігін байыпты түрде қарастырып жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Нидерландтық маман Арне Слот "Ливерпульдегі" жағдайына барған сайын көңілі толмай, мадридтік "Реалға" ауысу мүмкіндігін байыпты түрде қарастырып жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Слот "Реалды" басқаруға дайын

Top Skills Sport UK мәліметінше, 47 жастағы бапкер мадридтік клубты өзінің футбол философиясын жүзеге асыруға арналған мінсіз алаң деп санайды және "корольдік клубтан" ұсыныс түссе, еш ойланбастан қабылдауға дайын.

Дереккөздер Слоттың "Энфилдтағы" жағдайға наразылығы артып жатқанын айтады. Егер нәтижелер жақын арада жақсармаса, ол ағылшын клубынан кетуге дайын.

Мадридте не болып жатыр?

Еске салайық, 12 қаңтарда "Реал" Мадрид бас бапкер Хаби Алонсоның қызметінен босатылғанын жариялады. Оның орнына испаниялық Альваро Арбелоа тағайындалды. Алайда БАҚ-та оның қызметі уақытша шешім ретінде қарастырылып отыр. Сондықтан жаңа бас бапкер мәселесі күн тәртібінде өзекті күйінде қалып отыр.

Арне Слоттың мәртебесі

Арне Слот "Ливерпульді" 2024 жылдан бері жаттықтырады және клуб тарихына үлесін қосып үлгерді. Дебюттік маусымында-ақ ол команданы бірден Англия премьер-лигасының чемпионы (АПЛ-2024/25) атандырды. Сонымен қатар, екі рет айдың үздік бапкері атанып (2024 жылғы қараша, 2025 жылғы тамыз), өткен маусым қорытындысы бойынша АПЛ-дің жыл бапкері атанды.

Бұған дейін "Фейеноордта" жұмыс істеген кезінде де айтарлықтай табысқа жеткен:

Нидерланды чемпионы — 2022/23
Нидерланды кубогының иегері — 2023/24


"Ливерпульдегі" қиындықтар

Биылғы маусымда "Энфилдтағы" жағдай айтарлықтай күрделене түсті. Жазғы трансферлік науқанда рекордтық қаражат жұмсалғанына қарамастан, команда тұрақсыз ойын көрсетуде. 26 турдан кейін "Ливерпуль" 42 ұпаймен алтыншы орында келеді және Чемпиондар лигасы аймағынан тыс қалып отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!