"Ливерпуль" мен Англия құрамасының аңызға айналған жартылай қорғаушысы Стивен Джеррард осы маусымда Англия премьер-лигасының (АПЛ) чемпионы атануға басты үміткерді атады, деп хабарлайды Vesti.kz.
46 жастағы маманның пікірінше, 2027 жылдың мамырында "Манчестер Сити" футболшылары чемпиондық атақты тойлайды.
"Чемпионат басталғанға дейін "Арсенал" тағы да жеңіске жетеді деп ойлағанмын. Бірақ қазір ақшамды "Манчестер Ситиге" тігуге дайынмын. Кешегі "Ливерпульге" қарсы матчқа қарасаңыздар жеткілікті (3:0 - Vesti.kz ескертпесі). Олар өте мықты. Қосалқы құрамына да назар аударыңыздар", - деп береді Джеррардтың сөзін Arsenal News Channel.
Еске салайық, "қалалықтар" осы маусымды италиялық маман Энцо Маресканың жетекшілігімен бастады. Алты турдан кейін "Сити" мүмкін болған 18 ұпайдың бәрін жинап, турнир кестесінде көш бастап тұр. Соңғы матчында манчестерлік команда "Ливерпульді" 3:0 есебімен ойсырата ұтты.
Қазіргі чемпион - лондондық "Арсенал". Өткен маусымда Микель Артета бастаған команда 22 жылда алғаш рет Англия чемпионатында топ жарды.
Жарнама