Футбол
Бүгін 15:08
 

АПЛ-ден кетуді ойлаған Эрлинг Холанд барғысы келетін екі клубты атады

  Пікірлер

blog.share

АПЛ-ден кетуді ойлаған Эрлинг Холанд барғысы келетін екі клубты атады ©Depositphotos/operations@newsimages.co.uk

Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холанд ағылшынның "Манчестер Сити" клубынан кететін болса, карьерасын Испанияда жалғастырмақ. Ол бірінші кезекте мадридтік "Реал" мен каталондық "Барселонаны" қарастырып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холанд ағылшынның "Манчестер Сити" клубынан кететін болса, карьерасын Испанияда жалғастырмақ. Ол бірінші кезекте мадридтік "Реал" мен каталондық "Барселонаны" қарастырып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Холанд Испанияны таңдады

Teamtalk мәліметінше, норвегиялық форвард Ла Лиганы өзі үшін ең қолайлы чемпионат деп санайды және АПЛ-дың басқа клубына ауысқысы келмейді.

Холанд карьерасын жалғастыру үшін ең бірінші "Реал" мен "Барселонаны" қарастырып отыр.  "Манчестер Ситиге" қаржылық тәртіп бұзуына байланысты салынуы мүмкін санкциялар Холандтың кетуіне ықпал етуі мүмкін.

Норвегиялық "Ситиде" гол соғуын жалғастыруда

Холанд "Манчестер Сити" сапында 2022 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Сол жылы ол дортмундтық "Боруссиядан" 60 миллион еуроға ауысқан. Оған дейін норвегиялық футболшы аустриялық "РБ Зальцбург" клубының намысын қорғап, отанында "Молде" және "Брюне" командаларында ойнаған.

26 жастағы шабуылшының "қалалықтармен" қолданыстағы келісімшарты 2034 жылдың жазына дейін есептелген. Футболшының нарықтағы құны 220 миллион еуроға бағаланады.

Басталған маусымда Холанд "Манчестер Сити" сапында жеті матч өткізіп, жеті гол соқты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!