АПЛ-дегі "ысырапшыл" команда аталды

Сурет: Reuters
Sunday World газетінің журналисті Кевин Палмер Англия премьер-лигасындағы кейінгі бес жылда ең көп ақша жұмсайтын клубтар рейтингін жасады. Бұл үшін ол Transfermarkt порталындағы мәліметтерді қолданған. 

Бұл тізімде бірінші "Манчестер Сити", клубтың таза шығыны 601 миллион фунт. Екінші "Манчестер Юнайтед" - 484 миллион фунт, ал үшінші лондондық "Арсенал" - 267 миллион.



Айта кетейік, 29 тур қорытындысы бойынша "Ливерпуль" 82 ұпаймен АПЛ турнир кестесінде көш бастап тұр. "Манчестер Сити" (57) екінші.