АПЛ-дегі ең мықты бомбардирлердің біір "Барселонаға" ауыспақ

© REUTERS / AMR ABDALLAH DALSH
Лондондық "Арсенал" шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамеянг каталондық "Барселона" сапына өткісі келеді, - деп хабарлайды Sport.es.

Тараған ақпарат бойынша, футболшының кей туыстары кейінгі бірнеше ай Барселона маңындағы қалашықта тұрып жатыр.

Мұның алдында, "Барселона" форвардқа қыстық трансферлік кезеңде қызығушылық танытқаны хабарланған. Алайда ол кезде "Арсенал" ойыншыны жібермеген. 

Обамеянг "Арсеналға" 2018 жылы қаңтарда дортмундтық "Боруссия" сапынан өткен. Трансфер соммасы 63,75 миллион еуро болған. Биылғы маусымда 30 жастағы форвард Англия премьер-лигасындағы 26 матчте 17 гол соғып, бомбардирлер тізімінде екінші келеді (бірінші "Лестердегі" Джейми Варди, 19 гол ). Футболшының англиялық командамен келісімшарты 2021 жылға дейін жасалған.
Жаңалықтар