Англия премьер-лигасының (АПЛ) жаңа маусымын сәтсіз бастаған "Манчестер Юнайтед" клубының басшылығы бас бапкер Майкл Каррикке қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Манчестерде Каррикке әлі де сенедіИнсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, ағылшын клубы 45 жастағы маманның командамен бірге жетістікке жете алатынына әлі де сенеді. Сондықтан оны қызметінен алу мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ.
"Манчестер Юнайтед" басшылығы сабыр сақтап, бас бапкерге сенім артуды көздеп отыр.
Каррик "Манчестер Юнайтедті" өткен маусымның соңында жаттықтыра бастап, команданы АПЛ-де үшінші орынға шығарды. Соның арқасында "Қызыл сойқандар" Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне қайта оралды.
Алайда жаңа маусым манкуниандықтар үшін сәтсіз басталды. Төрт турдан кейін команда қоржынында небәрі төрт ұпай бар: бір жеңіс, бір тең ойын және екі жеңіліс. Бұл нәтиже "Юнайтедке" турнир кестесінде тек 13-орынды ғана беріп тұр.
"Юнайтед" қарсылас 10 ойыншымен қалған дербиде ұтылдыАПЛ-дің 4-турындағы соңғы матчта "Қызыл сойқандар" өз алаңында "Манчестер Ситиден" 0:1 есебімен ұтылды. Бұл ретте қарсылас команда 23-минуттан бастап алаңда бір ойыншыға кем ойнады. Алайда алаң иелері сан басымдығын пайдаланып, жеңілістен құтыла алмады.
Романоның айтуынша, көңіл көншітпейтін нәтижелерге қарамастан, "Манчестер Юнайтед" басшылығы Каррикке және оның жобасына толық сенім білдіріп отыр.
Манкуниандықтар келесі матчын 17 қыркүйекке қараған түні Англия лигасы кубогінің 3-раундында өткізеді. Команда "Брайтонмен" кездеседі. Ал АПЛ-дің 5-туры аясында "Юнайтед" 20 қыркүйекте сырт алаңда лондондық "Фулхэммен" ойнайды.