АПЛ-де көш бастап тұрған "Манчестер Сити" ондықта жоқ команданы ұта алмады

©alkhalijimall.com

Футболдан Англия чемпионатында көш бастап келе жатқан "Манчестер Сити" 29-турда "Кристал Пэлас" командасымен тең түсіп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Кристал Пэлас" алаңында өткен ойында есеп ашылған жоқ. Хосеп Гвардиола жаттықтыратын команда ұпай жоғалтқанына қарамастан турнир кестесінде бірінші орыннан түскен жоқ. "Манчестер Сити" еншісінде 70 балл, "Ливерпуль" төрт ұпай қалып келеді.

"Кристал Пэлас" 34 ұпаймен 11-орында. Айта кету керек, бірінші айналымда да "Сити" өз алаңында осы командаға 0:2 есебімен ұтылған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport