АПЛ-де бірінші голын салған Роналду бірден тарихқа кірді

©РИА

"Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду АПЛ-дің осы маусымындағы алғашқы голын салды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Португалиялық футболшы 10-турдағы "Эвертонмен" матчте көзге түсті. Роналду ойынды әдеттегідей қосалқы ойыншылар орнында бастады, ал алаңға 29-минутта Антони Марсьяльдің орнына шықты. Бұл уақытта есеп 1:1 болатын. 44-минутта Криштиану жеңіс голын салды. 

Бұл португалиялық үшін клбутық деңгейдегі 700-голы болып отыр. Оның есебінде "Спортинг" үшін 5, 450 – "Реал" сапында, 101 – "Ювентус" және "МЮ" үшін 144 голы бар.

"Манчестер Юнайтед" 15 ұпай жинап АПЛ-де бесінші келеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport