АПЛ-да сегіз матчта жеңіс көрмеген "Эвертон" 3 ұпай еншіледі

7 желтоқсан 2021 05:48
©evertonfc

Англия чемпионатының 15-турында "Арсеналды" қабылдаған Рафаэль Бенитестің командасы жеңіске жетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Бірінші таймның соңғы минуттарында Мартин Эдегор лондондықтарды есепте алға шығарса, үзілістен кейін алаң иелері екі гол салды. Эвертон сапында Ришарлисон (79-минут) және Демарей Грей (90+2) еркшеленді.

Осыған дейін "Эвертон" ішкі чемпионатта қатарынан сегіз ойында жеңіске жете алмай келді. Соңғы рет 25 қыркүйектегі 6-турда "Норвичті" ұтқан еді.

15 турдан кейін "Эвертон" 18 ұпаймен 12-орынға көтерілсе, Микель Артета баптайтын "Арсенал" 23 ұпаймен 7-орынға жайғасты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар