АПЛ аутсайдері 26 жылдан кейін "Ливерпульді" ұтты

©liverpoolfc.ru

Англия чемпионатының 13-турында "Ливерпуль" сырт алаңда "Ноттингем Форрестке" ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

22 қазан күні өткен матчта алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жеңіс голының авторы Тайво Авоньи. Ол 55-минутта есеп ашты.

Юрген Клопп шәкірттері турнир кестесінде 7 орында келеді. Неміс бапкерінің командасы сырт алаңда қатарынан 5 ойында жеңіске жете алмай келеді.

Соңғы рет "Ноттингем Форрест" "мерсисайдтықтарды" 1996 жылы АПЛ аясында 1:0 есебімен ұтқан еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport