АПЛ Абрамовичті "Челси" басшысы қызметінен қуды

©CLIVE MASON/GETTY IMAGES

Футболдан Ағылшын Премьер-лигасының басшылары Роман Абрамовичті "Челсидің" басшысы қызметінен қуып жіберді. 

"Ұлыбритания басшылары тарапынан жасалған санкциялардан кейін Премьер-лига Роман Абрамовичті "Челси" футбол клубының басшысы қызметінен кетірді", - делінген лига таратқан ақпаратта. 

Еске салайық, 10 наурыз күні "Челсидің" қожайыны, миллиардер Роман Абрамовичке Ұлыбритания басшылары санкция жариялаған болатын. Содан соң ресейлік кәсіпкердің барлық есеп-шоттары бұғатталды. Оның ішінде "Челси" командасының да есеп-шоты бар еді. 

Қазіргі уақытта "Челси" 27 кездесуден кейін 56 ұпай жинап, Ағылшын Премьер-лигасында 3-орында келеді. Олар енді келесі кездесуін "Ньюкасл" командасына қарсы өткізеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport