Футбол
30 маусым 13:18

Аңызға айналған Стоичков "Алтын допқа" басты үміткерді атады

©Lap.bg

Аты аңызға айналған болгарлиялық футболшы және 1994 жылғы "Алтын доп" иегері Христо Стоичков 2025 жылы берілетін беделді марапаттың басты үміткерлері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның айтуынша, басты фаворит - "Барселона" командасының жартылай қорғаушысы Ламин Ямаль.

"Егер ол жеңсе – марапатты өзім табыстаймын"

Испаниялық "Carrusel Deportivo" радиобағдарламасы эфирінде Стоичков Ямальдің бұл марапатқа еш күмәнсіз лайық екенін айтты:

"Егер ол жеңсе, марапатты өз қолыммен табыстаймын", – деді болгарлық аңыз ойыншы.

Стоичковтың пікірінше, жеңіп алған титулдар әрқашанда ойыншының жеке үлесін ғана көрсетпейді. Ол Ямальдің қазіргі таңда әлемдегі ең жарқын ойыншылардың бірі екенін ерекше атап өтті.

Клубтық әлем чемпионаты туралы пікірі

Стоичков клубтық әлем чемпионатының нәтижелері "Алтын доп" дауыс беруіне айтарлықтай әсер етпейді деп есептейді:

"Бұл турнир маусымның негізгі бөлігіне кірмейді. Сондықтан оның "Алтын допқа" айтарлықтай әсері жоқ", – деп келтіреді Стоичковтың сөзін "Cadena SER".

Оның ойынша, бұл турнирдегі көрсеткіштерге қарамастан, Ямальдің жеңіске жету мүмкіндігі жоғары болып қала береді.


Ямаль жас рекордын жаңартуы мүмкін

Бұған дейін "Алтын доптың" ең жас иегері 21 жасында марапат алған Роналдо болған. Ал қазіргі таңда 17 жастағы Ламин Ямаль бұл жетістікті жаңартуы мүмкін - егер ол 2025 жылдың қыркүйегінде марапат алса.

"Ямаль - өте жас, бірақ болашағы зор. Маған оның сенімділігі, ойындағы стилі мен ересекше сабырлылығы ұнайды", - деді Стоичков.

Сонымен қатар, ол "Барселонаның" маусымды сәтті өткізуінде Педри мен Рафиньяның маңызды рөлін атап өтті. Каталондық клуб бұл маусымда үш трофей жеңіп алды: Ла Лига, Испания кубогі және Суперкубок.

ПСЖ ойыншылары - басты бәсекелестердің қатарында

"Барселона" ойыншыларынан бөлек, Стоичков ПСЖ командасынан да бірқатар үміткерлерді атады:

"Егер Маркиньос алса - сенемін. Витинья да тамаша маусым өткізді. Жоғары деңгейде өнер көрсеткен көп ойыншы бар", – деп қосты Стоичков.

Сөз соңында ол 2025 жылғы "Алтын доптың" иегері "Барселона" немесе ПСЖ командасынан болады деген болжам айтты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport