Әнұран мен тусыз. ФИФА Ресей құрамасына қатысты шешім шығарды

©sport-express

Бұдан былай футболдан Ресей құрамасы "РФС құрамасы" атауымен ән ұран мен тусыз ойнайды, деп хабарлайды Sport24 Халықаралық футбол федерациясына (ФИФА) сілтеме жасап. 

Сонымен қоса, Ресей аумағында халықаралық жарыстар өтпейді. Ал ресейлік командалар алаңында болатын матчтер нейтрал аумақта көрерменсіз өтеді. 

Сонымен қоса, жағдай жылдам түзелмесе, ФИФА Халықаралық олимпиадалық комитет, УЕФА және басқа да спорттық ұйымдармен қосымша шара қолдануды қарастырмақ. 

Тағы бір мәселе ФИФА Ресей құрамасымен ойнағысы келмейтін Польша, Чехия мен Швеция футбол қауымдастықтарының шешімін оң қабылдады. 

 Айта кетейік, мұның алдында Чемпиондар лигасы финалын Санкт-Петербургтен Парижге ауыстырып тастады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport