Антонио Рюдигер "Реал" сапына ауысты

©

"Реал" клубы "Челси" қорғаушысы Антонио Рюдигермен келісімшарт жасады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Лондондық командадан еркін агент ретінде кеткен неміс ойыншысы корольдік клубпен төрт жылдық келісімшартқа отырды.

Рюдигер "Челси" сапында Англия Кубогін, Чемпиондар Лигасын, Еуропа Лигасын, УЕФА Суперкубогін және клубтық әлем чемпионатын жеңді. 2014 жылдан бері Германия құрамасының сапында 50 матчта екі рет гол салды. Сонымен қатар, 2017 жылы Ресейде өткен Конфедерация Кубогін иеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар