Антонио Конте "Тоттенхэм" клубының бас бапкері атанды, деп жазады Vesti.kz тілшісі команданың ресми сайтына сілтеме жасап.
"Антонио Контенің біздің клубты жаттықтыратынына қуаныштымыз. Келісім-шарт 2023 жылға дейін жасалды", - деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Еске салайық, 1 қарашада лондондықтардың басшылығы португалиялық Нуну Эшпириту Сантуды қызметінен босатқан еді. Соңғы турда "Тоттенхэм" өз алаңында "Манчестер Юнайтедке" 0:3 есебімен ұтылды.
Қазірдің өзінде италиялық маман командаға мықты 3-4 ойыншыны алу жайлы өтінішін білдірді. Осы орайда клуб басшылары қысқы трансферлік маусымда жаңа ойыншылардың сатып алуына 180 млн фунт стерлинг дайындап отыр.
Конте бапкерлік карьерасында "Ювентус", "Интер", "Челси" және Италия құрамаларын жаттықтырған.