"Бенфика" клубтар арасындағы Әлем чемпионатының ширек финалына шыға алмады. Ди Мария клуб сапындағы соңғы ойынын өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Ауа райы қолайсыздығына байланысты матч тоқтатылып, бес сағаттан соң қайта ойнады. Анхель гол соғып, командасын қосымша уақытқа алып шыққанмен, "Челси" ойыншылары шеберлігін танытып кетті.
Ди Мария мансабын өзі шыққан “Росарио Сентраль” клубында жалғастырады.
37 жастағы вингер "Бенфикада" 2007-10 жылдар аралығында ойнап, 2023 жылы оралған еді. 216 матчқа шығып 51 гол соққан. 53 нәтижелі пас беріп, 5 трофей жеңіп алды.