Англя премьер-лигасында футболшылар ойын алдында қол алыспайтын болды

© globallookpress.com
Ағылшын премьер-лигасында футболшылар ойын алдында қол алысып амандаспайтын болды. Коронавирусқа байланысты жарыс ұйымдастырушылары осындай шешім қабылдаған, - деп хабарлайды  

Енді ойын алдында футболшылар бір қатарға тұрады да, қол алыспай тарқасады. Команда капитандары мен төрешілер де әдеттегі бұл рәсімді орындамайды.

Ұйымдастырушылардың жаңа шешімі індет саябырсып, дәрігерлер рұқсат бергенге дейін күшінде болады.

Соңғы деректер бойынша Ұлыбританияда коронавирус дертін жұқтырғандар саны 115-ке жеткен. Сондай-ақ 5 наурыз күні елде осы вирустан алғашқы адам көз жұмды.

Осыған дейін Италияда футбол ойындары жанкүйерсіз өтетіні жайлы шешім қабылданған болатын.
Жаңалықтар