Англия премьер-лигасының 21-туры аясында «Манчестер Юнайтед» сырт алаңда «Бернлимен» матчта ұпай жоғалтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бернли қаласындағы «Терф Мур» стадионында өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Ойын барысында МЮ есепте артта қалып, кейін таразы басын өз пайдасына аударғанымен, матч соңында жеңісті сақтай алмады.
Кездесудегі есеп 13-минутта ашылды - Эйден Хевен өз қақпасына автогол соғып алды. Бұдан кейін Беньямин Шешко дубль авторы атанып, 50 және 60-минуттарда көзге түсті. Алайда 66-минутта Джейдон Энтони дәл соққымен есепті теңестіріп, «Бернлиді» жеңілістен құтқарды.
Осы нәтижеден кейін «Манчестер Юнайтед» бас бапкер Рубен Аморим қызметінен кеткеннен кейін де жеңіске жете алмай, 32 ұпаймен турнирлік кестеде жетінші орында тұр. Ал «Бернли» 13 ұпаймен 19-орында, яғни соңғыдан бір саты жоғары орналасқан.
Келесі турда 17 қаңтарда «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Манчестер Ситиді» қабылдайды, ал «Бернли» сырт алаңда «Ливерпульмен» кездеседі.
Бұған дейін Англия премьер-лигасының 21-туры аясында сапында Абдукодир Хусанов ойнайтын «Манчестер Сити» өз алаңында «Брайтонмен» тең түсті, ал «Челси» тіптен сырт алаңда «Фулхэмнен» ұтылып қалды.