Испания құрамасы Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі алтыншы турда өз алаңында күтпеген жерден Англиядан ұтылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мадридте өткен кездесу 2:3 есебімен аяқталды. Қонақтар сапынан Харри Кейн (45-минут, пенальтиден), Эзри Конса (53-минут) және Бен Уайт (57-минут) гол соқты. Ал алаң иелерінің қатарынан Микель Оярсабаль (65-минут, пенальтиден) мен Нико Уильямс (75-минут) мергендік танытты. Айта кетейік, 63-минутта Англия құрамасының ойыншысы Эллиот Андерсон алаңнан қуылды.
Осылайша, Испания құрамасының қатарынан 43 матчқа созылған жеңіліссіз сериясы үзілді. Бұл – ұлттық құраманың рекордтық көрсеткіші еді.
Сонымен қатар, Англия құрамасы 15 ұпай жинап, қосымша көрсеткіштер бойынша испаниялықтардан озып, топ жеңімпазы атанды. Ағылшындар ширек финалға бірінші орынмен жолдама алса, Испания екінші орынмен өтті.
Хорватия құрамасы үшінші орын алып, А лигасындағы орнын сақтап қалу үшін шешуші матчтарға қатысады. Ал Чехия төртінші орынға тұрақтап, В лигасына түсіп қалды.
Алты турдан кейінгі А лигасының 3-тобындағы жағдай:
Англия – 15 ұпай;
Испания – 15 ұпай;
Хорватия – 6 ұпай;
Чехия – 0 ұпай.