Англиямен келісімін ұзартса Саутгейтің табысы екі есе өседі

©championat

Англия құрамасының бас бапкері Гарет Саутгейт футбол қауымдастығымен келісімшартын ұзартады, деп жазады Vesti.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Жаңа шарт бойынша Саутгейт Еуро-2024 турниріне дейін жұмыс істейді деп күтілуде. Сонымен қатар, ағылшын бапкерінің жылдық табысы 3 миллион фунт стерлингтен 5 миллионға дейін өсуі мүмкін.

Ол үшін Англия құрамасы 2022 жылы Катардағы әлем чемпионатына жолдама алуы тиіс. Әзірге ағылшындар 8 турдан кейін I тобында 20 ұпаймен көш бастап тұр.

Еске салайық, Гарет Саутгейт Англия командасын 2016 жылдан бері жаттықтырып келеді. Бапкер құрамамен 2018 жылы Ресейдегі мундиальдың жартылай финалына дейін жетті. Сонымен қатар, Еуро-2020 турнирінің күміс жүлдегері атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: