Англиялық "Вест Хэм" Конференция лигасының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz. Прагадағы "Эден Аренада" өткен мачте ағылшындар италиялық "Фиорентинаны" ұтты.
Бірінші таймда есеп ашылмады, алайда оқиғаға толы болды. 33-минутта "Вест Хэм" жанкүйерлері италиялық команда капитаны Кристиано Бирагиге шөлмек лақтырып жаралады, футболшыға медециналық жәрдем қажет болды.
45-минутта италиялықтардың шабуылшысы Лука Йович допты қақпаға итеріп кіргізді. Алайда испаниялық арбитр Карлос дель Серро голды офсайд болды деп есептемеді.
Екінші таймда ақыры есеп ашылды. 62-минутта Саид Бенрама пенальтиді сәтті орындап, ағылшындарды алға шығарды.
Бес минуттан кейін Джакомо Бонавентура есепті теңестірді.
90-минутта Джаррод Боуэн гол салып, "Вест Хэмді" жеңіске жеткізді.