Донецктің "Шахтер" клубының қорғаушысы Манор Соломон 2022 жылдың жазынан бастап англиялық "Фулхэм" сапында өнер көрсететін болады. Бұл туралы "Чемпионат" басылымы журналсит Николо Скираның Twitter желісіне сілтеме жасап хабарлап отыр.
Мәлімет бойынша, 22 жастағы ойыншының трансфері сегіз миллион еуро болады. Сонымен бірге, "Шахтер" футболшының келесі трансферінен 15 пайыз үлес алады екен. Ал Соломонның англиялық клубпен келісімшарты бес жылға есептелген.
Соломон "Шахтер" командасында 2019 жылы Петах-Тиква қаласынның "Маккаби" клубынан алты миллион еуроға ауысқан. Transfermarkt мәліметінше, футболшының қазіргі құны 18 миллион еуро.
Биылғы маусымда Соломон 16 матчқа қатысып, төрт гол салған және бір нәтижелі пас берген.