Англиялық клуб Лэмпард "Челсиге" кеткеннен кейін жаңа бас бапкер тапты

© Football.ua
Голландиялық Филлип Коку "Дерби Каунти" командасында Фрэнк Лэмпардтың орнын басты. Бұл туралы англиялық клубтың ресми сайтында хабарланған.

48 жастағы Кокумен келісімшарт төрт жылға жасалды. Маман мұның алдында "Фенербахче" мен голландиялық ПСВ командаларын жаттықтырған.

Лэмпард "Челсиге" бас бапкер болып барғаны туралы кеше, 4 шілдеде хабарланды. БАҚ мәліметі бойынша, лондондықтар "Дербиге" келісімшартты мерзімімнен бұрын үзу үшін төрт миллион фунт стерлинг (4,5 миллион еуродай) төлейді.

Коку карьерасының көп бөлгін "Барселонада" және "Витесс", "АЗ Алкмар", ПСВ сияқты голландиялық клубтарда өтті. Маман бапкерлікпен футболшы карьерасын аяқтаған соң айналыса бастаған. 


Жаңалықтар