Англиялық футболшы Мессиге ешкім тең келмейтінін айтты

©twitter.com/WeAreMessi

Англия құрамасының бұрынғы футболшысы Джо Коул Daily Mail басылымына берген сұхбатында аргентиналық Лионель Мессиді ең ұлы ойыншы деп санайтынын айтты.

Британдықтың пікірінше, Мессимен тек Пеле теңесе алады, ал Криштиану Роналду мен Диего Марадона Лионельге жетпейді.

"Тарихтағы ең үздік ойыншы кім екені туралы пікірталастар әрқашан болады. Бірақ Месси қазіргі буын туралы барлық пікірталасқа нүкте қойды, өйткені ол бәрін жеңіп алды.

Бұған дейін әлем чемпионатында қиындықтар болды, сәйкесінше одан сұрақтар туды. Дегенмен, оның қолынан келді. Мен Месси сияқты ойыншыны көрген емеспін. Мен оны барлық уақыттағы ең ұлы ойыншы деп санаймын. Леомен тек Пеле теңесе алады. Месси Роналду мен Марадонаны басып озды", - деп бөлісті Коул.

Еске салайық, 2022 жылы Месси Аргентина құрамында әлем чемпионы атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport