Британиялық Daily Record сайты Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде шотландиялық "Селтик" пен қазақстандық "Қайрат" арасындағы кездесуге қатысты болжамымен жазды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Басылым алматылық клуб сапындағы "кельттерге" қарсылас болатын негізгі ойыншылардың есімдерін атады.
"Қайрат" көбіне жергілікті футболшыларымен мақтана алады. Солардың қатарында клубтың символына айналған жас талант - Дастан Сәтбаев бар. Ол 18 жасқа толған соң "Челси" клубына ресми түрде ауысады.
Сонымен қатар, командада маңызды рөл атқаратын бразилиялық-португалиялық легионерлер де бар. Атап айтқанда, шабуылшы Жоржиньо мен сол қапталдағы қорғаушы Луиш Мата - "Селтикке" қиындық туғызуы мүмкін негізгі ойыншылар.
Қазақстандық футбол жайлы сөз болғанда, Дастан Сәтбаевтың есімі көптің аузында. Биыл ол 17 жасқа толды. Бірақ соған қарамастан, келесі жылы 18 жасқа толған соң күшіне енетін, "Челси" клубына құны 2 миллион фунт стерлингтік трансферін өзіне қамтамасыз етіп үлгерді.
Вундеркинд саналып жүрген Сәтбаев осы маусымда Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде үш гол соқты. Оның бірі "Слованға" қарсы алғашқы ойында жеңіс голы болды. Бұдан бөлек, ол Қазақстан құрамасы сапында үш матч өткізіп үлгерді - небәрі 17 жасында!
Португалиялық шабуылшы Жоржиньо да қауіпті ойыншы саналады. Ал Валерий Громыко мен Гиорги Зария сияқты жартылай қорғаушылар алыстан соққыларымен көзге түсіп жүр. Команда құрамында гол соғу жауапкершілігі тең бөлінген және стандартты жағдайларда өте нәтижелі ойнайды.
"Селтик" 20 тамыз, сәрсенбі күні "Паркхед" стадионында алматылық клубпен кездеседі. Шотландиялық клуб бірінші матчта сенімді жеңіске жетуді көздейді, өйткені бұл қарымта матчті жеңілдетері сөзсіз. Алайда егер олар өз алаңында нәтиже көрсетпесе, Қазақстанда қиын ойын күтіп тұр, - делінген мақалада.