The Chelsea Chronicle басылымының журналисі Джек Друри алматылық "Қайрат" шабуылшысы Дастан Сәтбаевтың Чемпиондар лигасына іріктеудегі Словенияның "Олимпия" қақпасына соққан голына арналған мақала жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
"16 жастағы футболшы негізгі құрамға керемет бейімделді. Сәтбаев "Қайрат" сапындағы алғашқы бес ойынында алты гол соқты. Алматылық клуб 2025/26 жылғы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңін жаңа бастап жатыр және сырт алаңдағы алғашқы ойында "Олимпиямен" 1:1 есебімен тең түсті.
Сәтбаев тағы да алаңға шығып, өз командасы үшін маңызды гол соқты және тарихи рекорд орнатты - ол Чемпиондар лигасы тарихындағы гол соққан ең жас футболшы атанды. Бұған дейін бұл рекорд "Барселона" сапында 17 жасында гол соққан Ансу Фатиге тиесілі еді", - деп жазды автор.
"Қайрат" пен "Олимпия" арасындағы қарымта матч 15 шілде күні Алматыда өтеді.
Сатпаев - "Челси" клубының ойыншысы
2025 жылдың 10 ақпанында "Қайрат" клубы Дастан Сәтбаевтың трансфері бойынша ағылшындық "Челси" клубымен келісімге келгенін жариялады. 2026 жылдың тамызында жасы кәмелетке толғаннан кейін Дастан ресми түрде Лондон клубына қосылады.
Бұл трансфер рекордтық келісім болды.
Жарнама