Англия премьер-лигасындағы клубтың экс ойыншысы "Ақтөбеге" қосылды

Тонго Думбия. Сурет: expressandstar.com

"Вулверхэмптонның" бұрынғы жартылай қорғаушысы Тонго Думбия "Ақтөбе" командасына келді,- деп хабарлайды Vesti.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

31 жастағы малилік футболшы ақтөбелік команданың Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына барды.

Думбия карьерасын франциялық "Шаторуда" бастаған, одан кейін "Ренн" сапында ойнады. 2012 мен 2014 жылдар аралығы Чемпионшипте "Вулверхэмптон" сапында өнер көрсеткен (қазір команда АПЛ-де ойнайды).  Сонымен қоса, франиялық "Валансьен" мен "Тулуза", хорватиялық "Динамо Загреб", арабиялық "Аль-Айн" мен "Аджман" сапында болған.

Жалпы клубтық деңгейде 248 матч өткізіп, 14 гол салды және 14 нәтижелі пас берген. Сонымен қоса, Мали құрамасы үшін 20 ойынға қатысқан.