Англия премьер-лигасы маусымды жалғастыру туралы ресми мәлімдеме жасады

Сурет: АПЛ
Ағылшын премьер-лигасы 17 маусымда жалғасады. Бұл туралы турнирдің ресми сайтында хабарланған.

Турнирді жалғастыру туралы шешім АПЛ клубтарының жиналысында қабылданды. Басты талап - барлық сақтық шарасын толығымен ұстану.

Маусым 28-турдың шегерілген матчтерімен жалғасады: "Манчестер Сити" - "Арсенал" және "Астон Вилла" - "Шеффилд Юнайтед". Сол кезде барлық клубтың ойындар саны теңеседі - 29.

Ал 30-тур 19 маусымда басталады - матчтардың басым бөлігі демалыс күндері болады. Ойындар көрерменсіз өтеді.