Англия мен Италия құрамаларының кездесуін тікелей эфирде тамашалаңыз

сурет: overbetting

Бүгін түнде футболдан Еуропа чемпионатының финалдық кездесуі өтеді деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Әйгілі "Уэмбли" стадионында Англия мен Италия ойыншылары құрлықтың үздік құрамасын анықтайтын болады.

Төрт жылда бір келетін футбол тойының финалдық матчтын елорда уақытымен түнгі сағат 01.00 Qazsport және Qazaqstan телеарналарынан тамашалай аласыздар.

"Скуадра адзурра" жартылай финалда Испанияны пенальти сериясында 4:2 есебімен ұтса, Гарет Саутгейт шәкірттері Дания командасынан экстра-таймда 2:1 есебімен басым түскен.

Метки:
Жаңалықтар