Англия құрамасының ойыншылары Еуро-2020 турниріндегі табыстарын қайырымдылыққа жұмсайды

сурет: championat

Англия құрамасының футболшылары Еуро-2020-да тапқан табыстарын қайырымдылықпен айналысатын ұйымдарға аударады. Бұл жайында talkSPORT твиттер-парақшасы жариялап отыр.

Ағылшындар финалда Италияны ұтқан жағдайда 9,4 млн фунт стерлиг табысқа кенелмек.

Еске салайық, бүгін түнде Еуропа чемпионатының жеңімпазы анықталады. Матч елорда уақытымен түнгі сағат 01.00-ге жоспарланған.

Метки:
Жаңалықтар