Англия құрамасының ең ұзын экс-шабуылшысы Чемпиондар Лигасындағы фавориттерді атады

©Getty Images

"Ливерпуль" мен "Тоттенхэмнің" экс-шабуылшысы Питер Крауч биылғы маусымда Чемпиондар Лигасының басты фавориттерін атады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Қазіргі таңда Англия Премьер-лигасының клубтары Еуропада ең үздіктердің қатарында. Соңғы бірнеше жылдың ішінде ағылшын клубтары финалда екі рет кездесті. Осыдан кейін-ақ біздің командалардың деңгейін білуге болады. Биылғы маусымда да финалда Англияның екі бірдей клубы ойнауы мүмкін. Әсіресе "Ливерпуль" мен "Манчестер Ситидің" қарқындары мықты. Осы командалар финалда өзара мықтыны анықтауы мүмкін", - дейді Крауч Daily Mail басылымына берген сұхбатында.

2021/2022 жылғы Чемпиондар Лигасының маусымында 1/8 финалына "Манчестер Сити", "Манчестер Юнайтед", "Ливерпуль" және "Челси" клубтары шықты.

Еске салайық, Питер Крауч 2005-2010 жылдары Англия сапында өткізген 42 матчта 22 гол соққан. Сонымен қатар, ағылшын құрамасымен бірге 2006 және 2010 жылдары әлем чемпионаттарының қатысушысы. Краучтың бойы 201 см. Ол Англия құрамасында доп тепкен ең ұзын футболшы болып тарихта қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport