Англия құрамасының бапкері Иранмен матч жайлы ойын айтты

©globallookpress.com

Бүгін, 21 қараша күні Қатардағы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі ойындары өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

В тобында Англия, АҚШ, Иран және Уэльс құрамалары жайғасқан. Иранмен өтетін матч алдында ағылшындардың бас бапкері Гарет Саутгейт пікірімен бөлісті. 

"Әлем чемпионатындағы алғашқы матчты тағатсыздана күтіп отырмыз. Жігіттердің мотивациясы керемет. Жаттығуда көрсеткен ойынымызды ресми матчтарда көрсетеміз деген ойдамын. Қарсыласымыздың деңгейін жақсы білеміз. Карлостың жетекшілігімен олар Ресейдегі мундиальда жинақы команда ретінде көрсете білді. Алғашқы кездесуден бастап жеңіске жетуге күш саламыз", - дейді Саутгейт.

Еске салайық, Англия мен Иран құрамаларының ойынын бүгін Астана уақытымен 19:00-ден бастап QAZAQSTAN ұлттық телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар