Футболдан Англия чемпионатында 20 турдың бірнеше ойыны кейінге шегерілді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Тұманды Альбионда коронавирус пандемиясының өршуіне орай және бірнеше клубта ойыншылар мен қызметкерлердің аты жаман ауруға шалдыққанына байланысты 20-турда өтуі тиіс "Арсенал" мен "Вулверхемптон", "Лидс" пен "Астон Вилла", сондай-ақ, "Эвертон" мен "Ньюкасл" арасындағы матчтар кейінге шегерілді.
Еске салайық, әзірге 19-турдың қорытындысы бойынша "Манчестер Сити" 47 ұпаймен жеке дара көш бастап тұр. Турнир кестесінің түбінде "Бернли" (11), "Ньюкасл" (11) және "Норвич" (10) клубтары жайғасқан.