Футбол
17 қараша 09:54
 

Англия ӘЧ-ге іріктеуде өткен ғасырдағы рекордты қайталады

  Пікірлер

blog.share

Англия ӘЧ-ге іріктеуде өткен ғасырдағы рекордты қайталады ©UEFA

Англияның футбол құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінде Албанияны ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Англияның футбол құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінде Албанияны ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Тиранада өткен кездесу алаң қонақтарының пайдасына 2:0 есебімен аяқталды. 74 және 82-минуттарда Харри Кейн дубль авторы атанып, Англияға маңызды жеңіс әкелді.

Осылайша, ағылшын құрамасы іріктеу кезеңіндегі барлық матчта жеңіске жетіп, бірде-бір гол жіберген жоқ және мундиальдің финалдық кезеңіне жолдама алды.

OptaJoe мәліметінше, Англия құрамасы әлем чемпионаты іріктеуді (8 матч) 100 пайыз жеңіспен және гол жібермей аяқтаған екінші еуропалық команда болды.

Бұған дейін мұндай нәтижеге тек Югославия құрамасы 1954 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде (4 матч) жеткен еді.

К тобындағы жағдай:

Англия – 24 ұпай
Албания – 14
Сербия – 13
Латвия – 5
Андорра – 1


 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!