Футбол
Бүгін 07:38

Англия ӘЧ-2026-ның плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын шыға алмады

©depositphotos/canno73

Англия мен Гана құрамалары 2026 жылғы әлем чемпионатындағы матчта жеңімпазды анықтай алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.

L тобының екінші турындағы кездесу АҚШ-тың Массачусетс штатындағы Фоксборо қаласында өтіп, 0:0 есебімен аяқталды.

Ойын алдында екі құраманың да қоржынында үш ұпайдан болған. Сондықтан бұл кездесудегі жеңіс кез келген командаға плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама сыйлар еді. Алайда матчта есеп ашылмай, қарсыластар ұпайды тең бөлісті.

Осы нәтижеден кейін Англия мен Гана төрт ұпайдан жинап, топтағы жағдайды шиеленістіре түсті. Плей-офф жолдамаларының тағдыры енді үшінші турда анықталады.

28 маусым күні Англия Панамамен кездессе, Гана Хорватия құрамасымен күш сынасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport