Андрей Тихонов қызметінен кетті

©РИА

Андрей Тихонов қызметінен кетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі елордалық клубтың сайтына сілтеме жасап.

51 жастағы ресейлік маман 2020 жылдың қазан айында "Астана" тізгінін ұстаған еді. Енді алдағы күндері оның көмекшісі болған Владимир Ежуров 7 және 20 қараша күндері Olimpbet Қазақстан Кубогінің матчтарына "Астана" ойыншыларын дайындайтын болады.

Өткен жылы Тихоновтың командасы ішкі біріншілік тарихында тұңғыш рет қола медаль иегері атанса, биылғы маусымның қорытындысы бойынша Қазақстан чемпионатында екінші орын иеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: