Украина құрамасы мен италиялық "Дженоа" командасының бұрынғы бас бапкері Андрей Шевченко Польша құрамасының тізгінін ұстауы мүмкін. Бұл туралы журналист Николо Скира твиттер парақшасында жазды.
Дереккөздің ақпараты бойынша, Польша футбол федерациясы Шевченконы бас бапкер етіп тағайындауға ниетті. Украиналық маманмен келіссөз басталған.
Еске салайық, 2022 жылдың 15 қаңтарында Шевченко "Дженоа" командасының бас бапкері қызметінен босатылды. Бапкер "Дженоа" командасының тізгінін 2021 қарашасында ұстап, 2024 жылға дейін келісімшарт жасаған еді. Украиналық маманның бастамасымен команда Италия чемпионатында тоғыз кезесу өткізіп, үшеуінде тең ойнаса, алты мәрте жеңілді.