Футбол
6 қараша 2021 13:36

Андрей Шевченко Италия чемпионатындағы команданы жаттықтыратырмақ

©ynamo.kiev.ua

Украина құрамасының бұрынғы бапкері Андрей Шевченко "Дженоа" клубын жаттықтыруы ықтимал. Бұл туралы Sport24 порталы журналист Николо Скируға сілтеме жасап хабарлады.

Мәлімет бойынша, италиялық клуб басшылығы Шевченкоға келісімшарт дайындап қойған, ал келіссөз аяқталуға жақын екен. 

Украиналық бапкер 2023 жылға дейін есептелген келісімшартқа қол қойып, жылына 1,8 миллион еуро және қосымша табыс көретін болады. 

Ал Андрей Шевченконың бапкерлер штабына Андреа Малдера мен Мауро Тассотти кірмек.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport