Андрей Карпович "Оқжетпес" бірінші лигаға түсіп қалғаннан кейін басқа команданы жаттықтыратын болды

39 жастағы қазақстандық маман Андрей Карпович "Қызыл-Жар СК" командасын жаттықтыратын болды,- деп хабарлайды журналист, әрі инсайдер Айдын Қожахмет Instagram желісінде.

Қазақстандық бапкер клубтан отбасылық жағдаймен кеткен молдавалық Вячеслав Руснактың орнына келді.

Еске салайық, Карпович екі жыл "Оқжетпес" командасын жаттықтырған. 2020 жылғы маусым қорытындысы бойынша көкшетаулық клуб бірінші лигаға түсіп қалған.