Андрей Карпович мәскеулік "Динамоға" тәжірибе жинауға барады

24 қыркүйек 2021 15:47
©"Қызыл-Жар" ФК

"Қызыл-Жар" командасының бас бапкері Андрей Карпович Қазақстан чемпионаты аяқталған соң мәскеулік "Динамо" командасының бас бапкері Сандро Шварцтан тәжірибе жинауға барады, деп хабарлайды Meta-ratings.kz порталы. 

Карпович футболшы кезінде дәл осы команда сапында 2007 және 2009 жылдары өнер көрсеткен. "Динамо" сапында "Ливерпуль" мен Украина құрамасының бұрынғы шабуылшысы Андрей Воронин де жұмыс істейді. "Қызыл-Жар" бас бапкерін осы Воронин шақырған екен. 

Еске салайық, Андрей Карповичтің қол астында "Қызыл-Жар" командасы қазір Қазақстан чемпионатында төртінші орында келеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: