Андрей Карпович жаңа командасындағы жұмысқа ресми кірісті

©Тұрар Қазанғапов

Андрей Карпович "Ақтөбе" командасын "Каспийге" қарсы кездесуге дайындап жатыр. Ол клубпен жаттығу жұмыстарын да өткізген, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Ақтөбе" бұған дейінгі бапкер Владимир Мухановпен келісімшартты ресми бұзбаған соң, Карповичті бас бапкер етіп бекіте алмады. 

Қазіргі уақытта бұл мәселе шешілген. Енді Андрей Карпович Қазақстан біріншілігіндегі оныншы турда команданы басқаратын болады. 

Еске салайық, осыған дейінгі ойында "Ақтөбені" Владимир Мухановтың көмекшісі Петр Бадло бастап шыққан еді. Ал Карповичтің өзі маусымды "Қызыл-Жар" командасының бас бапкері ретінде бастады. Бірақ жуырда ол аталған командадан кетті. 

Сонымен қатар, 41 жастағы маман Қазақстан құрамасы бас бапкері қызметінен де кетті. Оның орнына ұлттық құрамаға бүгін Магомед Адиев тағайындалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport