"Каспий" командасы футболдан Қазақстан чемпионатының оныншы турында "Ақтөбе" командасын ұтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Ақтау қаласында өткен ойын 2:0 есебімен алаң қожайындарының пайдасына аяқталды. "Каспий" сапында Артем Барановский (80-минут) және Еркебұлан Нұрғалиев (88-минут) көзге түсті.
Негізі бұл кездесуде бірінші болып қонақтар есеп ашқан еді. 58-минутта Максим Самародов көзге түскен. Бірақ видеоқайталаудан кейін төреші голды есепке алмады. Ал 71-минутта Карповичтің командасы он ойыншымен қалды. Джоахим Адукор алаңнан қуылды.
Айта кетейік, бұл ойын Анрдей Карповичтің "Ақтөбе" командасының бас бапкері ретінде өткізген бірінші матчы болды.
Енді 14 мамырдағы 11-турда "Ақтөбе" өз алаңында "Тобылды" қабылдаса, келесі күні "Каспий" сырт алаңда "Мақтааралмен" ойнайды.