Алматының Қайрат клубында ойнайтын ресейлік футболшы Андрей Аршавин төртінші рет әке атанды. Ойыншының жұбайы Алиса ұл босанды, - деп хабарлайды ресейлік спорт сайттары.
Жартылай қорғаушы журналист Алиса Казьминамен бірнеше жылдан бері кездесіп жүрген болатын. 2016 жылдың 1 қыркүйегінде қос жұп ресми түрде шаңырақ көтерген-ді. Бірнеше күннен кейін футболшының жұбайы әлеуметтік желілерде аяғының ауыр екенін хабарлаған еді.
Айта кетейік, Андрей Аршавиннің дәм-тұзы жараспаған жұбайы Юлия Барановскийден бір қыз, екі ұлы бар. Олар анасымен бірге тұрады.

Жарнама