Футбол
19 ақпан 2017 12:28
 

Андрей Аршавиннің 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысуы мүмкін - ресейлік агент

  Пікірлер

blog.share

Андрей Аршавиннің 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысуы мүмкін - ресейлік агент Андрей Аршавин. Сурет "Спорт-Экспресс"

Ресейлік футбол агенті Деннис Лахтер "Қайрат" клубының ойыншысы Андрей Аршавиннің 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысуы мүмкін дейді "Спорт-Экспресс" сайтына берген сұхбатында.
 
– Виталий Мутко жуырда берген сұхбатында Аршавиннің алдағы әлем біріншілігіне қатысқанын қалайтынын айтқан болатын. Ал сіздің бұл жайында ойыңыз қалай?

– Қазіргі Аршавин ұлттық құрамаға шақыртылса, бұл Ресей құрамасының деңгейінің төмендігін білдіреді... Андрей өнер көрсететін Қазақстан чемпионаты ортаңқол қос ұжымның текетіресінен тұрады. Ол жерде жүріп Ресей құрамасының төмен деңгейдегі ұжымына сәйкес келудің өзі қиын. Алайда Аршавин әлем біріншілігіне мүлдем қатыса алмайды деп кесіп айтуға болмайды. Ұлттық құраманың ойыншылары жарақаттанып қалса немесе Саламовичтен біреу қатыстыруды сұраса, мүмкін барып қалар.

– Сонда Аршавиннің әлем чемпионатына қатысуы мүмкін дейсіз бе?

– Оның мінезін бір адамдай білетіндіктен, оның әлем біріншілігіне баруы мүмкін емес дегім келеді. Бірақ үзілді-кесілді бара алмайды деуге де болмайды. Черчесов - білікті маман. Барлық кавказдықтар секілді тәкаппарлығы бар. Дегенмен клубты жаттықтырған бір бөлек, Ұлттық құраманы баптаған бір бөлек. Ол нәтижеге жете біледі. Бірақ әлі де болсын жұмыстар атқару қажет. Саламовичтен Аршавинді әлем чемпионатына қатыстыру жайлы бір "адам" сұраса да, 2018 жылдан кейін оның бастық болмайтынын біледі. Сол себепті Саламович өзінің беделін сақтап қалғысы келеді.

blog.share
Ресейлік футбол агенті Деннис Лахтер "
Қайрат" клубының ойыншысы Андрей Аршавиннің 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысуы мүмкін дейді "Спорт-Экспресс" сайтына берген сұхбатында.
 
– Виталий Мутко жуырда берген сұхбатында Аршавиннің алдағы әлем біріншілігіне қатысқанын қалайтынын айтқан болатын. Ал сіздің бұл жайында ойыңыз қалай?

– Қазіргі Аршавин ұлттық құрамаға шақыртылса, бұл Ресей құрамасының деңгейінің төмендігін білдіреді... Андрей өнер көрсететін Қазақстан чемпионаты ортаңқол қос ұжымның текетіресінен тұрады. Ол жерде жүріп Ресей құрамасының төмен деңгейдегі ұжымына сәйкес келудің өзі қиын. Алайда Аршавин әлем біріншілігіне мүлдем қатыса алмайды деп кесіп айтуға болмайды. Ұлттық құраманың ойыншылары жарақаттанып қалса немесе Саламовичтен біреу қатыстыруды сұраса, мүмкін барып қалар.

– Сонда Аршавиннің әлем чемпионатына қатысуы мүмкін дейсіз бе?

– Оның мінезін бір адамдай білетіндіктен, оның әлем біріншілігіне баруы мүмкін емес дегім келеді. Бірақ үзілді-кесілді бара алмайды деуге де болмайды. Черчесов - білікті маман. Барлық кавказдықтар секілді тәкаппарлығы бар. Дегенмен клубты жаттықтырған бір бөлек, Ұлттық құраманы баптаған бір бөлек. Ол нәтижеге жете біледі. Бірақ әлі де болсын жұмыстар атқару қажет. Саламовичтен Аршавинді әлем чемпионатына қатыстыру жайлы бір "адам" сұраса да, 2018 жылдан кейін оның бастық болмайтынын біледі. Сол себепті Саламович өзінің беделін сақтап қалғысы келеді.

Жарнама

Живи спортом!